​ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ, САЛТ-ДӘСТҮР  -  ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

​ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ, САЛТ-ДӘСТҮР  -  ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ, САЛТ-ДӘСТҮР - ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Бұл күні халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады. Барлық іс-шалар мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады.

Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі - салт-дәстүрі. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрге ерекше қарап, әрбірін керек жерінде орындап, сақтап отырған.

Халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, наным-сенімі мен ұлттық ұстанымын насихаттау ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тәрбиенің бастамасына айналды.

Сондықтан, ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі-өнеге тұтуға тиіс. Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды.

#nauryznama2025