​Майдангерлерге миллион теңгеден үлестірілді

​Майдангерлерге миллион теңгеден үлестірілді

Шымкентте 9 мамыр Ұлы жеңіс күні қарсаңында 1 050 120 теңге (360 АЕК) қаржы барлық соғыс ардагерлерінің есеп-шотына аударылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Шаһарда қазір 21 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс мерекесі қарсыңында майдангерлерге бір реттік қаржылай әлеуметтік көмек беріледі.

Сонымен бірге қалалық мәслихаттың шешімімен 3 307 тыл ардагеріне 35 мың теңгеден (12 АЕК) бір реттік төлем жасалған. Тыл ардагерлері үшін жергілікті бюджеттен жалпы 115 млн 758 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген.


Ал, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан азаматтар, Семей полигоны ядролық қарудың салдарынан мүгедек болған, радиациялық апаттар мен авариялардан зардап шеккен адамдарға 105 012 теңге (36 АЕК) қаржы аударылады.

Айта кетсек, бүгінде Шымкентте 82 124 зейнеткер болса, оның ішінде 21-і Ұлы Отан соғысының ардагері. Сондай-ақ, 3 307 тыл ардагері мен ҰОС қатысушыларға теңестірілген 1 728 азамат тұрады.