Медицина қызметкерлеріне үстемақы төленеді

Медицина қызметкерлеріне үстемақы төленеді

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиал директоры Нұрлыбек Қабдықапаров бүгін филиалдың 2020 жылы атқарған қызметі мен 2021 жылғы жоспарлары туралы онлайн форматта өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап

- Елордада 2020 жылдың қорытындысы бойынша Covid-19 және вирустық пневмониямен күрескен 38,2 мыңнан астам медицина қызметкеріне қаржылық қолдау көрсетілді. 2020 жылдың наурыз-желтоқсан айларының аралығында осы мақсатқа 14,1 млрд (14 095 623 026,41) теңге бағытталды, - деді ол.

Айта кету керек, көтермелеу сомасы еңбек жағдайларының қауіптілік дәрежесіне байланысты 20, 10 және 5 ЕТЖ құрайды. 2020 жылдың наурыз-желтоқсан айларында белгіленген ынталандыру төлемі төленді:

Наурызда - 1 893 медицина қызметкеріне;

Сәуірде - 3 222 медицина қызметкеріне;

Мамыр айында - 2 393 медицина қызметкеріне;

Маусым айында - 5 900 медицина қызметкеріне;

Шілдеде - 6 945 медицина қызметкеріне;

Тамыз айында - 5 513 медицина қызметкеріне;

Қыркүйекте - 2 597 медицина қызметкеріне;

Қазан айында - 3 091 медицина қызметкеріне;

Қараша айында - 3 129 медицина қызметкеріне;

Желтоқсан айында - 3 544 медицина қызметкеріне.

- Сондай-ақ қазіргі уақытта қор филиалы 2021 жылдың қаңтар айына да үстемақы төлеуді аяқтады, 3 614 медицина қызметкеріне 1 291 344 530,07 теңге сомасына үстемеақы төленді: бірінші қауіп тобында еңбек еткен 1 107 адамға 681 086 596,44 теңге сомасына, екінші қауіп тобындағы 1 068 адамға 370 289 796,98 теңге сомасына, үшінші қауіп тобындағы 1 439 медицина қызметкеріне 239 968 136,65 теңге сомасына үстемеақы төленді, - деді Қабдықапаров.