Мегаполисте бір тәулікте 7 630 адам екпе алды

Мегаполисте бір тәулікте 7 630 адам екпе алды

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 7 630 адам вакцина қабылдаған. Екпенің I компонентін - 5060, II компонент - 2 570 адам салдырған.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, егу науқаны басталғалы мегаполисте барлығы 492 914 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 402 889 адам вакцинаның екі компонентін қабылдаған. Сонымен қатар, 21 қыркүйек күні КВИ-дің 99 жағдайы тіркелген. 92 науқастың белгілері бар болса, 4 адамда белгілері болмаған. 37 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 62 адам үй бақылауына алынды.

Мамандар тұрғындарға қоғамдық орында бетперде режимін сақтауды ескертеді және екпе алуға шақырады.