«Азаматтарға арналған үкімет» QR-код арқылы баж салығын төлеуге болатын мемлекеттік қызметтер қатарын ұлғайтты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Енді қазақстандықтар смартфондары арқылы ХҚО-да кез келген мемлекеттік қызметтің төлемін бірнеше секундтың ішінде төлей алады.
QR-код арқылы банктерге төлем жасауға, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге, жер қатынастарын, жылжымайтын мүліктер үшін төлем жасауға болады.
- Мемлекеттік қызметтер үшін QR арқылы төлем жасау жобасы бірнеше ай бұрын іске қосылды. Осы уақыттың ішінде біз тиісті құрылғыны барлық 339 халыққа қызмет көрсету орталығына орнаттық, – деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.
Азаматтар мемлекеттік қызметтердің ақысын Homebank және Kaspi.kz қосымшаларынан QR-код арқылы кезексіз, қауіпсіз және тез төлей алады.