ӨМІР ҮШІН КҮРЕСТЕ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА: ТӘЖІРИБЕЛІ МАМАН БАЙСЕИТ ТУНГАТБАЕВ
Тунгатбаев Байсеит Кожабаевич 1967ж. Алматы облысы, Қаскелен ауылында дүниеге келген.
2016 жылдан Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем станциясында №8 бекетте жүргізуші қызметін атқаруда.
Станцияның қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады. Шақырту түскен сәттен бастап жедел жәрдем шығу бригадасын шақыртуға дер кезінде шығуын қамтамасыз етіп, ең қысқа маршрутпен жеткізеді.
Автокөлік салонындағы орналасқан медициналық аспаптардың дұрыс орналасуын , бекітілуін қадағалайды, сонымен қатар мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Дәрігер мен фельдшерге науқас және зардап шеккендерді тасымалдау кезінде науқасты тиеуге, түсіресуге , тасуға, иммобилизация жасауға көмек көрсетеді ,медициналық аппаратураларды көтереді және қосады.
Тәулігіне 15-20 шақыртуға барады. Науқастың жағдайына байланысты бригадаға көмек береді. Реонимациялық іс-шаралар жүргізу барысында өкпе-жүрек реонимациясында компрециясына қатысады. Одан бөлек тасымалды ұйымдастыру , керек заттарын ашып дайындап, қосып беру қызметін атқарады.
Әрдайым өз біліктілігін арттырып жүреді. Біліктілікті арттыру орталығында «Мамандандырылған техниканы қауіпсіз жүргізуі-жедел жәрдем машинасы» курсын аяқтаған, 2023жылы «Жедел-жәрдем көлігінде қауіпсіз көлік жүргізу техникасы (Safe Ambulanse Driving Techniques)» семинар тренингіне қатысқан.
2020 жылы елімізде келген КВИ COVID – 19 дертіне қарсы күрес шеңберінде науқастарға көмектесуде аянбай еңбегі сіңіп, жедел жәрдем қызметінің сапасын арттыруда қосқан үлесі мол.
Жас жұмысқа келген жұмыскерлерге тәлімгер болып, тәжірибесімен бөлісіп, олардың еңбекке деген құштарлығын арттырады. Жұмыс барысында білікті маман екендігін көрсетуде. Орталықтың қоғамдық жұмыстарының белсенді қайраткері. Жедел медициналық көмек көрсетудің деңгейін көтеріп, қала халқына сапалы қызмет көрсетуге қол жеткізуде.