Шымкентте эпидемиологиялық жағдай күрделенді. Қазіргі сәтте қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ жұмыс қарқынын күшейтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Арнай топ өкілдері өткен тәулікте 496 нысанға тексеру жүргізіп, оның ішінде 37 нысанда карантин талаптары бұзылғанын анықтады. Тәртіп бұзған кәсіпкерлік нысандарына әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен бірге соңғы тәулікте Шымкентте індет жұқтырған 421 жағдай тіркелді. Оның ішінде 338 науқастың белгілері болса, 83 адамда ауру симптомдары жоқ. Қазар 210 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 211 адам үй бақылауына алынған.
Айта кетсек, қаладағы инфекциялық стационарларда барлығы 2 396 орын бар, бүгінде төсек-орын толымдығы 60%-ды құрайды, 850 төсек-орын бос. Жалпы, инфекциялық стационарда 1 427 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 237 төсек орын бар, 139 науқас ем қабылдап жатыр.