ӨНЕРКӘСІБІ ӨРКЕНДЕГЕН ӨЛКЕ

ӨНЕРКӘСІБІ ӨРКЕНДЕГЕН ӨЛКЕ

Үшінші мегаполистің өнеркәсіп өнімінің үлесі жыл санап артып келеді, деп хабарлайды shymkentaqparat.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңірлерді дамытудың нақты жолдарын белгілеп берді. Осыған сәйкес Шымкент қаласының экономикасын қарқынды дамытып, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау басты орынға қойылған.

Өнеркәсіп – қала экономикасының негізін құраушы саласы. Бүгінде жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 23 пайызды құрап отыр.

Осыдан 2 жыл бұрын өнеркәсіп өнім көлемі 319 млрд теңге болса, бүгінде 523 млрд теңгеге жетті. Республикалық статус алғалы бері қалаға 1 трлн теңге инвестиция тартылды. Белсенді кәсіпкерлердің үлесі 71 пайыздан 88 пайызға жетті. Сондай-ақ, қала бюджеті 131,2 млрд теңгеден 455,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды.