​№2 қалалық ауруханасының бас дәрігері тағайындалды

​№2 қалалық ауруханасының бас дәрігері тағайындалды

Шымкенттегі №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері болып білікті нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев тағайындалды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Мыңжылқы Сайлауұлы 1998 жылы Қарағанды қаласындағы медицина академиясында білім алған.

2006 жылы «Болашақ» Президенттік бағдарламасымен Санкт-Петербург қаласы, С.М.Киров атындағы Әскери-медициналық академиясының клиникалық ординатурасына оқуға түскен.

Дәрігерлік еңбек жолын Астана қаласындағы Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталықта эндоваскулярлық нейрохирург болып бастады.

2014 жылы ҚР президенті іс басқармасының медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасында интервенциялық кардиология бөлімшесінде интервенциялық нейрорадиолог болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, Алматы қалалық №7 ауруханың нейрохирругия бөлімін басқарған.

2016 жылы Алматы қаласындағы Орталық клиникалық ауруханасында эндоваскулярлық нейрохирургия орталығының басшысы қызметін атқарған.

2020 жылдың желтоқсан айынан қазірге дейін «Кazneuro» тамырлы және интервенциялық нейрохирургия және неврология дәрігерлерінің қоғамы» бірлестігінің жетекшісі болған.

Алтын қолды хирург бүгінге дейін 5 000-нан аса бас миының тамырларына жоғары технологиялық ота жасаған.