Оқушыларға вакцина салу жалғасуда

Оқушыларға вакцина салу жалғасуда

Шымкент қаласындағы З.Космедьянская атындағы №23 мектеп-лицейінде оқушыларға Pfizer вакцинасының І және ІІ компоненттері салына бастады.

Индира Алпысбаеваның мамандығы заңгер. 11 сыныпта оқитын қызына вакцина салдыруға рұқсат беріп отыр. Өзі де толық екпе алған. Айтуынша, коронавирус инфекциясынан құтылудың жалғыз жолы - вакцина алу.

Вакциналау жұмыстарын қалалық №13 орталық емхананың медицина қызметкерлері атқаруда. Сондай-ақ екпе егу барысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының қадағалауымен өтуде.

Абай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Айкүміс Мұсаеваның айтуынша, Абай ауданы бойынша 12-18 жас аралығындағы 3027 жас Pfizer вакцинасын салдырған. Жалпы жоспарға сәйкес аталмыш ауданда 32 мың адам Pfizer екпесін алуы тиіс.