​«Ордабасы» клубы бас бапкерінің көмекшісі болып Самат Смақов тағайындалды

​«Ордабасы» клубы бас бапкерінің көмекшісі болып Самат Смақов тағайындалды

Қазақстан футбол құрамасының экс-капитаны Самат Смақов шымкенттік «Ордабасы» клубы бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Естеріңізде болса, біз бұған дейін де ол туралы жазған едік.

Кезінде «Ордабасы» клубының капитаны болған бапкер Қазақстанның 6 дүркін чемпионы және 2 дүркін Қазақстан кубогы мен Суперкубогының жеңімпазы.

42-жасар спортшы 4 мәрте Қазақстанның үздік ойыншысы атанған. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ең көп ойын өткізген рекордсмен. Ол Қазақстан, Ресей және Түркия елдерінде 70-тен аса ойынға қатысқан.

2016-2017 жылдары «Ордабасы» сапында өнер көрсетіп, ішкі чемпионатта қола жүлдегер атанған.

2017-жылдан бері УЕФА-ның «А» санатының дәрежесіне ие.