«ORDAGEN» – БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖОБА

«ORDAGEN» – БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖОБА

Балаларға арналған "Ordagen" қосымшасы іске қосылды, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz

Ordagen – балаларға арналған ертегілерді қамтитын, сол ертегілердің аудио нұсқасын әрі мультфильмдерін шығаратын танымдық жеке жоба. Жоба директоры – Парасат Тәненов.

Бүгінгі таңда балалардың көңілін аулау үшін YouTube-ты қосып беруді әдетке айналдырдық. Сосын "балам не көріп отыр екен" деп еш алаңдаймыз. Бұл жобаны қолға алуға да осы ой түрткі болды. Бүгінде "Ordagen"-нің қоржынында 500-ден астам аударма ертегі бар. Оның 100-і өзге ұлттардың "үздік" деп танылған жұмыстары, – дейді жоба жетекшісі.

Жобаның негізгі мақсаты – ғаламтор желісінде қазақ тілді контент жасап, сол арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жоба аты "орда" және "gен" деген сөздерден құралған. Мұндағы "gen" яғни "generation" ағылшын тілінен аударғанда "ұрпақ" деген мағынаны білдіреді.

Ата-аналар "Ordagen" мобильді қосымшасын "android" және "appstore" платформасынан жүктей алады.

Мәселен, қызыңыздың есімі – Анар. Ол таңертең ұйқыдан оянғанда шашын таратпай жылайды. Сіз "ата-анасының айтқанын тыңдамайтын бала туралы" ертегіні дереу қосып бересіз. Ондағы кейіпкердің есімі – Қарлығаш. Сіз қосымшадағы "адамның атын өзгерту" деген тетікті басасыз. Сонда Қарлығаш деген есімнің бәрі Анар деп өзгереді. Ертегі тікелей сіздің қызыңызға арналғандай әсер етеді.

Толық ақпарат https://ordagen.com - нен ала аласыздар.