​Отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз – Тоқаев

​Отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев отандық вакцинаны әзірлеген мамандарға алғыс білдірді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.

– QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын! - делінген жазбада.

Айта кетсек, бұған дейін коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясын өңірлерге жөнелткені туралы хабарланған еді.