Отандық QazVac вакцинасы бірінші кімдерге салынады?

Отандық QazVac вакцинасы бірінші кімдерге салынады?

Отандық QazVac вакцинасы ең алдымен медицина қызметкерлері, педагогтер мен полицейлерге салынады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл мәлімдеді,

- Спутник V пайда болған кезде, ең алдымен тәуекел тобына егілді: медицина қызметкерлері, педагогтер, полицейлер. Егер осы топтардың арасында қазақстандық вакцинаны алғысы келгендер болса, оларға бірінші салынады. Одан кейін вакцинаның қолжетімділігін ескеріп, кез келген адам салдыра алады. Бүгінде қазақстандықтарда таңдау бар: "Спутник V" немесе QazVac-ты салғыза алады, - деді ол баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, Қазақстан өңірлеріне отандық QazVac вакцинасы жеткізіле бастады. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия QazVac препаратымен вакциналау 26 сәуірде басталатынын хабарлады. Бүгінде QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы өндірілді, мамырда тағы 50 мың доза көлемінде шығарылады.