ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫ 4 МЫҢНАН АСТАМ ЖАНҰЯҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫ 4 МЫҢНАН АСТАМ ЖАНҰЯҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасына сәйкес, төрт ай бұрын құрылған Шымкент қаласындағы "SHANYRAQ" отбасы институтының жұмысы жанданып, нақты нәтижелер көрсетуде, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz

Осы жылдың қыркүйек айында жұмысын бастаған орталық қызметіне 4 029 аз қамтамасыз етілген және көпбалалы аналар жүгінген. Оларға орталық мамандары ақпараттық қолдау, психологиялық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызметтерін алу мәселелері бойынша көмек көрсеткен.

Сонымен қатар, мамандар 2 148 отбасымен телефон арқылы байланысып, тиесілі азық-түлік үлестері бойынша анықтау жұмыстарын жүргізген.

Айта кетейік, қазіргі таңда тағылымы мол "SHANYRAQ" институты көпбалалы және мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қаладағы 26 мекемемен бірлескен түрде жұмыс жүргізіп келеді.

Орталық ашылғалы төрт ай ішінде мұнда арнайы мамандармен 48 кездесу, 7 бизнес-тренинг, 9 психологиялық - тренинг өткізілген.