Пневмониядан 28 адам қайтыс болды

Пневмониядан 28 адам қайтыс болды

Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 7 671 жағдай ПТР сынамасы арқылы белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020 сайты жазды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Оның ішінде аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы – 1452, Алматы қаласы – 1503, Шымкент қаласы – 565, Ақмола облысы – 256, Ақтөбе облысы – 393, Алматы облысы – 244,Атырау облысы – 416, Шығыс Қазақстан облысы – 230, Жамбыл облысы – 190, Батыс Қазақстан облысы – 111, Қарағанды облысы – 1058, Қостанай облысы – 237, Қызылорда облысы – 205, Маңғыстау облысы – 214, Павлодар облысы – 295, Солтүстік Қазақстан облысы – 158, Түркістан облысы – 144.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 641 885-ға жетті.

Сонымен қатар өткен тәулікте 5 525 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Осы жылдың 7 тамыз күнгі мәлімет бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы тіркеліп, 28 адам қайтыс болған. Оған қоса 135 адам емделіп шықты.

Фото:Ашық дереккөз