Президент халықты Көрісу күнімен құттықтады

Президент халықты Көрісу күнімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

- Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын! Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл - нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы, - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында .