Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Сайрам» тұрғын алабындағы жол құрылыс мен қоғамдық көлік бағыттарымен танысты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Алдымен шаһар басшысы Сатыбалдиев-Машраб көшелерінің қиылысындағы құрылыс барысын аралап көрді. Тұрғын алаптағы 79 көшенің жалпы ұзындығы – 247,5 шақырым. Оның 145,3 шақырымы асфальт жол болса, 102,2 шақырымы тас жол. Ал биыл жалпы ұзындығы 14,8 шақырым болған 8 көше жөнделеді. Қазіргі таңда, мердігер «Нұрлы жол» ЖШС Cыдықхан ата ( 2,2 шқ), Гозохан көшесінде (3,0 шқ) жөндеу жұмысын жүргізіп отыр.
Орташа жөндеуден өтіп жатқан Марьям ана мен Хавазмат ата көшелері бар. Мердігер мекеме «АзияКомплексСтрой» ЖШС тарапынан құрылысты маусым айында аяқтау көзделген.
Айта кетсек, бүгінде тұрғын алапқа №30 – Сайрам - Акбар базар, №139 Сайрам – Ордабасы, №148 Шапырашты – Акбар базар бағытында қоғамдық көлік қатынайды.