Шымкентте қазір халыққа 36 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Алғашқы жартыжылдықта жаңа 5 емхана ашылып, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік байланыстар жолға қойылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat қала әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Емханалардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 9 млрд. теңге қаралып, бүгінде жаңарту жұмысы 71 пайыздан 81 пайызға жетті.
Биылғы 6 медициналық ұйымның ғимараты күрделі жөндеуден өткізілсе, алдағы бес жыл ішінде 10 медициналық ұйымның құрылысы қолға алынбақ. 2023 жылға дейін қала орталығынан шалғайда жатқан аумақтарда 12 дәрігерлік амбулатория салынады.
Халыққа ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында медициналық персоналдың 30 пайызына Израиль, Алмания, Ресей, Литва мемлекеттерінің озық медицина ғалымдарын тарта отырып, тәжірибе арттыру дәрістерін ұйымдастыру жоспарланған.