Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімі және Абай аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен "To look for job” жобасы аясында "Самал" базарында жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша ақпараттар берілді.
Мақсаты жұмыссыз азаматтарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау. Жастарды нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыс, алғашқы бос жұмыс орны бағдарламаларын түсіндіру. Жұмыссыздар санын азайту.
Жәрмеңке барысында жұмыспен қамту орталығының мамандары базарға келуші жастар мен қала тұрғындарына бос жұмыс орындары бойынша толыққанды ақпараттар беріп, жұмыс іздеп келген жастар өздерінің сұрақтарына жауап алды.