Синоптиктер болжамы – жаңбыр, аптап, бұршақ

Синоптиктер болжамы – жаңбыр, аптап, бұршақ

«Қазгидромет» демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 7-9 тамызда атмосфералық фронтал бөліктердің әсерінен еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде және орталығында кей жерлерде нөсер, бұршақ жауады.

Сондай-ақ, солтүстік өңірлерде жел күшейіп, ауа температурасы 20-25 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, республиканың батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.