Синоптиктер Шымкенте дауылды ескерту жариялады

Синоптиктер Шымкенте дауылды ескерту жариялады

«Қазгидромет» мәліметінше, 19 наурыз күні таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына қырағы болып, ауа-райы туралы ақпаратты қадағалап отыруға шақырады.

Мамандар қала тұрғындарын көшедегі бағана, ағаш, жарнама тақтайшалары, электр тіректері мен сымдардан аулақ болуға шақырады. Сонымен қатар ағаштар мен ескірген ғимараттардың маңына жеке көлікті қоймауды ескертеді.