Солтүстікке қоныс аударушыларға 1 млн. аса қаржы беріледі

Солтүстікке қоныс аударушыларға 1 млн. аса қаржы беріледі

Бүгін «SHANYRAQ» орталығында солтүстік Қазақстанға қоныс аударуға ниетті шымкенттіктермен сол өңірдің өкілдері арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Басқосуда СҚО Ақжар ауданы Жұмыспен қамту орталығы директоры Бауыржан Баржанов пен ішкі көші-қон жөніндегі құрылтайдың бас хатшысы Серік Әлтаев аталған мемлекеттік бағдарламаға қатысты үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, тұрғындар сауалына жауап берді.

Ақжар ауданы көрші Ресеймен шектесіп жатқан елдімекен. Жер көлемі – 8 000 га. Жергілікті тұрғындар саны 15 мыңнан асып жығылады. Оның 78 пайызы қазақтар. Ауданға қарасты 24 ауыл бар. Онда 25 білім беру ошағы орналасқан.

Қоныс аударушыларға қолайлы жасалған. Мәселен, көшіп-қону шығыны үшін әр адамға 204 мың теңге, жалпы 1 миллион 200 мың теңгеден аса қаражат бірден беріледі. Баспанамен қамту мәселесі жақсы жолға қойылған. Соңғы 2 жылда аталған бағдардама аясында 65 үй тұрғызылған. Мамандардың айтуынша, оның 30-ы өз иелерін күтуде. Биыл қосымша тағы 30 баспана соғу жоспарланған.