СПУТНИК-V: Иммунитетті 2 жыл бойы қорғайды

СПУТНИК-V: Иммунитетті 2 жыл бойы қорғайды

Коронавирусқа қарсы «Спутник-Ви» вакцинасы иммунитетті екі жыл бойы қорғайды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері мәлімдеді.

Ерлан Қиясов сөзінше екпе қатерлі індеттен 100% сақтамауы мүмкін. Есесіне орташа және өте ауыр дерттің алдын алады.

- Кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі LanceEt коронавирустық инфекцияға қарсы Sputnik VI вакцинасының тиімділігі 92% құрады деп хабарлады. Сонымен қатар, «Спутник VI» -дан кейінгі иммунитет кем дегенде екі жыл сақталуы мүмкін екендігі дәлелденді, - ҚР Бас санитар дәрегірі Ерлан Қиясов.

Ал екпе кері әсер етсе, жауапкершілікті өндірушіден бастап, емхана қызметкерлері қоса арқалайды. Осылай деген Е.Қиясов ақпанның аяғында ковид-19 бен коронавирус белгісі бар пневмония көрсеткішін біріктірмек. Бұған байланысты қазір медицина орталықтарында науқастарды қайта санау басталған.

Фото:ашық дереккөз