Елімізде жаңа Су кодексінің тұжырымдамасы ағымдағы жылдың соңына дейін бекітіледі, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Серік Қожаниязов мәлімдеді.
«Қазір қолданыстағы Су кодексі 2003 жылы қабылданған. Осы ретте су саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Жаңа Су кодексі елдің су ресурстары әлеуетін сақтау, суға деген сұранысты басқару бағыттарын күшейтуі тиіс», – деді С. Қожаниязов.
Аталған ведомство басшысының айтуынша, 18 жылдың ішінде су заңнамасына 63 пайыз өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.