Абай ауданында кәсіпкерлік нысандарында карантиндік талаптардың сақтылуын қадағалау мақсатында арнайы топ күнделікті мониторинг жұмысын жүргізуде, деп хабарлайды Shymkenaqparat
Қазіргі таңда ауданда жалпы 13 базар, 12 ірі сауда үйі мен 3 000 жуық ірілі-ұсақты кәсіпкерлік нысан орналасқан. Мониторинг топ өкілдері жыл басынан 2 253 кәсіпкерлік нысанын аралап, 273 әкімшілік хаттамасын толтырған.
Бұл жұмыстар Шымкент қаласының Бас санитарының №9 Қаулысына сәйкес атқарылуда. Сонымен бірге аудан әкімдігі қызметкерлері мен полиция және санитарлық-эпидемиологиялық мамандары тұрғындарға жаңа Қаулыны түсіндіру жұмысын да жүргізіп отыр.