Бұл туралы АГРС-3 нысанының құрылыс жұмыстары бойынша Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында өткен бүгінгі жиында айтылды, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz
Басқосуға аталған басқарма басшысының міндетін атқарушы Боранбай Нигметұлы, «StroyGazCompany» ЖШС-нің өкілі Багдан Томашевский және «Кэтек» ЖШС-нің басқарушы директоры Александр Олейников қатысты.
Мердігер мамандардың айтуынша, автоматтандырылған газ тарату стансасының қуаттылығы 250 000 м3/сағатты құрайтын болады. Бүгінгі таңда АГРС-3 нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарының 90%-ын аяқталған.
Айта кетейік,қала тұрғындарын көгілдір отынмен толық қамтамасыз ету мақсатында АГРС-3 нысанын салу қолға алынған еді. Нәтижесінде 92,1% табиғи газбен қамтылған қала тұрғындарының саны 100 пайызға жетеді деп күтілуде.