Бұл туралы Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Атамекен» клиникасынан ауыстырылған 52 жастығы азамат 4 сәуір күні ауыр халде қалалық жұқпалы ауруханасына түскен. Науқасты дәрігерлер бірден жан сақтау бөліміне жатқызып, тыныс алу аппаратына қосқан. Компютерлік томография нәтижесінде Исагил Тасимның өкпесінің 80 пайызы зақымдалғаны анықталған.
Бұған қоса науқас өздігінен тыныс ала алмаған. Тыныс жетіспеушілігінің 3-дәрежесі мен интоксикациялық синдромы және тромбоциттің төмендеуі секілді асқынулар болған.
Білікті мамандар жүргізген емнің нәтижесінде азаматтың денсаулығы жақсарып, бөлімшеге ауыстырылған.
Қазір науқастыңтыныс алу жиілігі жақсырған. Дәрігерлер бір-екі күнде азаматты ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр.