Шымкентте 14 маусым күнгі дерек бойынша КВИ жұқтырған 4 жағдай тіркелді. 4-еуі де симптомды болғандықтан инфекциялық стационарға жатқызылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Ал өткен тәулікте қалада 161 науқас емделіп шықты. Сондай-ақ, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 185 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Соңғы тәулікте шаһарда 7 220 адам вакцина алды
(I компонент-3203, II компонент-4017). Егу науқаны басталғалы барлығы 210 851 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 115 934 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Бүгінде Шымкент қаласы «жасыл аймақта» тұр. Дәрігерлер тұрғындардан санитариялық-эпедемиологиялық талаптарды қатаң сақтауды және екпе салдыру қажеттігін ескертеді.