ШЫМКЕНТ: ҚАЛАНЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУҒА 128 ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАНЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУҒА 128 ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Шымкентте қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Дәл қазір «ЛТД Тұрмыс» , «Бәйтерек ЛБ», «Югдорсервис», «NurtauService», «Жасыл Жер» коммуналдық мекемелері 32 бағыт бойынша жұмыс атқаруда, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланы қардан тазарту үшін барлығы 128 техника, 631 жұмысшы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта қаладағы көше мен аялдамалар, тротуарлар, әлеуметтік нысандар маңы қардан тазартылып жатыр. Ол үшін 1 903 текше метр арнайы инертті материал пайдаланылған.

Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.