Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Сайрам» тұрғын алабында болып, әлеуметтік нысандар құрылысы мен тарихи-мәдениет орындарының жағдайымен танысты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Сайрам» тұрғын алабында бүгінде 300 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Қазір мұнда құрылыстың 70% атқарылып отыр.
Бас мердігер – «Жаңа Арна 2002» ЖШС. Құрылыс жұмысы 2020 жылдың наурыз айында басталған еді. Мердігер мекеме құрылысты 30 тамызда аяқтауды жоспарлап отыр. Жалпы, 2021 жылға бөлінген қаржы – 497 246, 0 мың теңге. бҮгінге дейін оның 183 249,4 теңгесі игерілген.
Нысандарды аралап көрген қала әкімі құрылысты сапалы жүргізуді және жоспарлы мерзімде аяқтауды тапсырды.