Шымкентте 14 сәуір күні инфекция жұқтырған 111 анықталды. Оның 39-ы стационарға жатқызылса, 72 адам үй бақылауына алынды, -деп хабарлайды Shymkentaqparat
Дәрігерлердің сөзінше коронавирусты жеңудің жалғыз жолы – вакцина. Қалада вакцина тегін, ерікті түрде барлық емханаларда таңғы 8.00-ден 22.00-ге дейін және демалыс күндері де салынып келеді.
Өткен бір тәулік ішінде қалада 7 112 адам КВИ-ге қарсы екпе салдырған. Олардың І компанентін 7 095 адам, 17-сі ІІ компанентті алған. Жалпы қала бойынша вакцина науқаны басталғалы 38 107 адам вакцинацияланған. Оның 6 185-сі екінші компонентін салдырған.
Бүгінде инфекциялық стационарда жалпы 1010 орын бар. Төсек-орын толымдығы 34%-ды құрап, 657 орын бос. Инфекциялық стационарда 353 науқас ем алып жатыр. Оның ішінде 19 науқас жансақтау бөлімінде.
Күн сайын қалада инфекция жұқтырғандар саны артуда. Шымкент қаласы әкімдігі қала тұрғындарынан карантин талабын қатаң сақтауға шақырады.