ҚР Үкіметі жанындағы елімізде КВИ-дің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында 26 сәуірдегі эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Эпидемиологиялық ахуал бойынша «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары тұр.
Қызылорда мен Павлодар облыстары «қызыл», Шымкент «сары» аймаққа өтті.
Айта кетсек, Шымкентте өткен тәулікте инфекция жұқтырған 96 жағдай тіркелген. Оның ішінде 40 науқас стационарға жатқызылып, 56 адам үй бақылауына алынған. Бүгінде екпе жұмысы 38 бекетте жүргізіліп отыр. Шаһарда егу науқаны басталғалы жалпы 78 748 адам вакцина салдырған.