ШЫМКЕНТ: Өткен тәулікте 21 адамнан Коронавирус анықталды

ШЫМКЕНТ: Өткен тәулікте 21 адамнан Коронавирус анықталды

Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 21 азамат анықталды. Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық.

Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Сондай-ақ 2 науқас емделіп шықты.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 2021 жылдың 15 наурызға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 6 372 жағдайы тіркелді (3245- симптомды, 3126 - симптомсыз). Емделіп шыққандар саны – 5 635.

Айта кетейік, 1 тамыздан 15 наурызға дейін COVID-19 белгілерімен (ICD-10 коды - U07.2) пневмонияның 1472 жағдайы тіркелген.


Фото: ашық дереккөз