Өткен тәулікте шаһарда 3 482 адам вакцина салдырған, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес вакцина науқаны басталғалы жалпы 71 284 адамға инфекцияға қарсы екпе алған. Оның ішінде 7 004 адам екпенің екі компонентін салдырды.
Сонымен қатар, қалада соңғы тәулікте КВИ жұқтырған 80 адам тіркелді. Оның ішінде 24 науқас стационарға жатқызылып, 56 адам үй бақылауына алынды.
Шаһардағы кәсіпкерлік нысандарда карантин талаптарының сақталуын бақылау үшін мониторинг тобы 593 нысанға тексеру жүргізген. Нәтижесінде 17 нысанда тәртіп бұзылғаны анықталып, әкімшілік-хаттамалар толтырылған.
Қазіргі эпидахуалға байланысты Шымкент әкімдігі тұрғындардан өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап вакцина науқанына белсенді қатысуға шақырады.