Шымкент: Өткен тәулікте 6 мыңнан аса адам вакциналанды

Шымкент: Өткен тәулікте 6 мыңнан аса адам вакциналанды

Шымкентте эпидахуал тұрақтанып келеді. Соңғы тәулікте инфекция жұқтырған 35 жағдай тіркелген. Оның 15-сі стационарға жатқызылса, 20 адам үй бақылауына алынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Шаһарда эпидемиологиялық ахуалдың «сары» аймаққа өтуіне вирусқа қарсы екпенің де ықпалы бар. Науқан басталғалы 83 908 адам вакцина салдырса, өткен тәулікте 6 199 азамат екпе алған. Сонымен бірге КВИ-ге қарсы екпе бекеттерінің саны 42-ге жетті.

Қаладағы инфекциялық стационарда жалпы 1 290 төсек-орын әзірленсе, бүгінде орын толымдылығы 45% құрап отыр.

Кәсіпкерлік нысандарда карантиндік талаптардың сақталуын бақылайтын арнайы 24 мобильдік топ құрылған. Өткен тәулікте, яғни 26 сәуір күні 265 нысанға тексеру жұмысы жүргізіліп, 8 нысанда тәртіп бұзыланын анықтады.