«Шымкент жүрек орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы болып жоғары санатты дәрігер-кардиохирург Дархан Сүйгенбаев тағайындалды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Дархан Жорабекұлы 1983 жылы Көкшетау қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келген. 2006 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медициналық академиясын «жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірген. 2006-2007 жж. Астана қаласындағы «1-ші қалалық ауруханасы» МҚКК-ң негізінде Қазақ мемлекеттік медициналық академиясында интернатурадан өтті. 01.08.2007 ж. Астана қаласындағы «1-ші қалалық ауруханасы» МҚКК-не дәрігер-хирург лауазымына қабылданды.
2007-2009 жж. «Болашақ» халықаралық президенттік бағдарламасы аясында Ресей, Мәскеу қ. А.Н.Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығында «Жүрек-қан тамырлары хирургиясы» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны бітірді. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап 2011 жылдың шілде айына дейін Ұлттық ғылыми медициналық орталықта дәрігер-кардиохирург жұмысын атқарды. 2011-2021 жж. «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ-ң 1 кардиохирургия бөлімшесінде дәрігер-кардиохирург лауазымын атқарған.
2017 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің магистратурасын бітірген.