Жыл басынан бері Шымкентке көшіп келген 340 отбасындағы 464 азаматқа қандас мәртебесі берілді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Елге оралғандардың басым көпшілігі, яғни 448 адам көрші Өзбекстаннан қоныс аударған. Сондай-ақ, атажұртқа Ауғанстан, Қытай және Ресей елінен де қандастарымыз көшіп келіп, қаланың әр ауданына қоныстанған.
Алыс-жақын шетелден көшіп келген қандастарға «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» қызмет көрсетуде. Орталық мамандары ҚР заңнамасына сәйкес, елге оралған азаматтарға 6 ай мерзімде бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін ұсынады.
Қазіргі таңда мұнда 14 отбасы құрамындағы 29 адам елге бейімделуде. Тіпті түрлі мамандықтар бойынша тегін оқу курстары қарастырылған. Қандастарға барлық сұрақтары бойынша ақпараттық бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.