Шымкентте 130 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Шымкентте 130 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Егу науқаны басталғалы шаһарда барлығы 130 мың 140 адам вакцинацияланды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Өткен тәулікте қалада 11 мың 218 адам вакцина алды: I компонент – 5983, II компонент – 5235.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар. Төсек-орын толымдығы – 51 %, 683 төсек-орын бос.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша 24 мобильдік топ жұмыс атқаруда. 4 мамыр күні 270 нысанға (266 кәсіпкерлік нысан, 4 жеке нысан) тексеру жүргізілді. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Осы орайда, медицина мамандары қала тұрғындарына бетперделік режимді сақтап, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакцина егу екенін естен шығармайық.

Айта кетейік, өткен аптадан бастап Шымкентте егу пунктерінің жұмысы түнгі 24:00-ге дейін ұзартылды. Қазір қалада 45 екпе егу пункті жұмыс істеуде. Кез келген қала тұрғыны екпе егу пункітіне барып ақысыз КВИ-ге қарсы вакцина салдыра алады. Ол үшін азамат қаладағы мемлекеттік немесе жекеменшік емханалардың бірінде тіркелген болуы керек.