Шымкентте 161 604 адам вакциналанды

Шымкентте 161 604 адам вакциналанды

Өткен тәулікте қалада КВИ жұқтырған 86 жағдай тіркелді. Оның 16-і стацинонарға жатқызылып, 70 адам үй бақылауына алынған, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Шаһарда инфекцияға қарсы егу науқаны басталғалы 161 604 адам вакциналанды. Оның 65 114-і екі компонентін алған.

Бүгінде қаладағы стационарларда жалпы 1 406 төсек-орын әзірленген. Жалпы төсек-орын толымдығы 48% құрап, 727 орын бос.

Кәсіпкерлік нысандарда карантин талабының сақталуын бақылайтын мобильді топ өткен тәулікте 519 нысанға мониторинг жүргізіп, оның 6-ы заңбұзушылыққа жол бергенін анықтады. Бұл нысандарға әкімшілік-хаттамалары толтырылды.

Айта кетсек, сауда орындарына бақылау жасайтын 22 арнайы мобильді топтың жұмысы өзге өңірлермен салыстырғанда белсенді жүргізіліп отыр.