Рамазан айының алғашқы жұмасында «Ақмешіт» орталық мешітінде жомарт кәсіпкерлердің демеушілігімен Абай ауданында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды,- деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қала әкімдігі мен мешіттердің үйымдастыруымен бастау алған «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясын жалғастырған кәсіпкерлер бүгін қаладағы аудандардың орталық мешіттерінде мыңға жуық отбасыға қайырымдылық жасаған. Ал жалпы, Рамазан айының үш күнінде мұқтаж 2000-нан астам жанұя «Рамазан қоржынына» қол жеткізіпті.
Айта кетейік, азық-түлік себеттері қасиетті Рамазан айының соңына дейін белгіленген тізім бойынша қаладағы 6 мешітте (Ақмешіт, Ордабасы, Бөртөбе, Байғұт баба, Біләл, Сайрам) беріледі. Ал келуге мүмкіндігі болмаған жандардың үйлеріне қораптарды апаруға еріктілер ат салысуда.