Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға дәрі-дәрмек қобдишалары тегін таратылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл жұмыс еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 15 шілдеден бастау алған болатын. Бүгінге дейін қалада 2 173 отбасыға дәрі-дәрмек қобдишасы үлестірілді.
Дәрілік топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық маска, қолға арналған антисептик, ибупрофен және парацетамол дәрісі бар. Сондай-ақ, жиынтықтың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған.
Айта кетсек, дәрі қобдишалары «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде таратылып жатыр.