Шымкент қаласында биылғы жоспар бойынша 3 магистралды және 9 тұрғын алаптың ауыз су құбыры жүргізіледі, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл бағыттағы жұмыстарға 15,6 млрд. теңге көлемінде мемлекеттен қаржы қаралып отыр. Осының есебінен 26 мыңға жуық адам ауыз суға қосылып, көрсеткіш 98 пайызға жеткізіледі деп жоспарлануда.
Жыл басынан бері Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2 және Жаңатұрлан, Батыс пен Жаңаталап шағын аудандардың ішкі ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 4,48 шақырымды құрайтын Көмешбұлақ, 9,37 шақырым және 10,61 шақырым болатын 3 магистралды суаққының құрылысы жүргізілуде.