ШЫМКЕНТТЕ 283,8 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ 283,8 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Биыл Шымкент қаласында 283,8 шақырым жол пайдалануға берілді, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде қала әкімінің жіті бақылауында болған күрделі 6 жобаның іске асқанын баса айта өткен жөн. Ұзындығы 13,3 шақырымды құрайтын 3 құрылыс және 3 қайта құру нысаны барлық сапалық стандарттарға сай.

Атап айтқанда:

- Астана даңғылының құрылысы, 2,7 шақырым;

- Арғынбеков көшесінің құрылысы, 3 шақырым;

- Ақтас м/а №61 мектепке кіре беріс жолының құрылысы, 2,7 шақырым;

- «Ордабасы» индустриялық аймақтағы №1 жолды қайта құру, 1,1 шақырым;

- Жібек жолы, Төреқұлов көш. қайта құру, 2,2 шақырым;

- Тассай Ш/а Тәуке хан көш. қайта құру, 3 шақырым;

Жалпы ағымдағы жылы 261 нысан немесе 416,8 шақырымды құрайтын жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 225 нысаны, яғни 283,8 шақырым жол биыл пайдалануға берілді. Ал 36 нысан немесе 133 шақырым жол өтпелі нысан болып табылғандықтан, құрылыс-жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталуға тиісті.