Шымкенттн санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ жұмыс істейді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
16 маусым күні 207 нысанға тексеру жүргізілді. Оның ішінде 4 нысанда карантин талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды
Сонымен қатар, өткен тәулікте КВИ-дің 31 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 17, белгілері жоқ – 14). 9 адаминфекциялық стационарға жатқызылып, 22 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 276 орын бар (қалалық инфекциялық орталық - 490, «Атамекен» клиникасы - 450, Орынбай ГБОО - 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30,
№2 оңалту орталығы-100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы-10, Шымкент жүрек орталығы-6), төсек орын толымдығы 25%-ды құрайды, 958 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда
318 науқас емделуде (КВИ-133, пневмония-185, ЖРВИ-0), жансақтау бөлімінде - 13 (2 - ИВЛ, 11 - НИВЛ).
Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 456 126, тәулігіне-1741.
Бір тәулік ішінде қалада 6071 адам вакцина алды
(I компонент-3274, II компонент-2797). Егу науқаны басталғалы барлығы 217 077 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 122 144 адам вакцинаның екі компонентін алды.