ШЫМКЕНТТЕ 31 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ 31 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласында биыл 11 айда 31 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, бұл мақсатқа биылғы жылы Шымкентке республикалық және жергілікті бюджет есебінен жалпы 17,9 миллиард теңге бөлінген, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz

Осы уақыт аралығында 26766 отбасыға шартты, 4 176 отбасыға шартсыз қаржылай көмек көрсетілген. Мемлекеттік атаулы көмек - ай сайынғы табысы төмен отбасыларды қолдау үшін көрсетіліп отырған қаржылай жәрдем болып табылады.

Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жас аралығындағы балалары кепілдендірілген әлеуметтік топтамалармен де қамтамасыз етілуде.