Шымкентте жалдамалы баспанамен қамтылған4 мыңнан асапәтер иесініңтұрғын үйді пайдаланғаны үшін төленетінай сайынғы төлемақы бойынша берешек қарызы бар, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Оның ішінде 1 500 тұрғын 3 айдан астам уақыт төлем берешегін кешіктірсе, 138 азамат 6 айдан астам уақыт төлем жасамаған.
Бұл туралы қалалық Тұрғын үй басқармасы мәлімдеді.
Мемлекеттен берілетін тұрғын үйді жалға алушы аталған шарттың талаптарына сәйкес, белгіленген мөлшерде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін уақытында төлем жасауға міндетті. Жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаныүшін әр айдың 5-не дейін төлем төленбеген жағдайда өсімпұл жүріп отырады. Азаматтар бұл бойынша хабарлама алған күннен бастап 3 күн ішінде берешегін төлеп, растайтын құжаттарын басқармаға өткізулері қажет.
Қазіргі таңда 6 және одан көп мерзімде тұрғын үй қарыз берешегі төленбеген 138 пәтериелерінің банктік шоттарына бұғат қою бойынша басқармамен құжаттар тиісті мекемелерге жолдануда. Әрі қарайғытұрғындар тарапынан төлем жасау әрекеті болмаған жағдайдасотқа шағымдану арқылы пәтерді босату жөнінде талап арыз түсіріледі.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша жалдамалы баспанамен қамтылған 6 456 азамат тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем енгізуге міндеттілер қатарында.