Шымкентте эпидахуал тұрақты. Соңғы тәулікте ковидтің 15 жағдайы тіркелді (белгілері бар-14, белгілері жоқ-1). Оның ішінде 9 науқас инфекциялық стационарға жатқызылса, 6 науқас үй бақылауына алынды.
Бір тәулік ішінде қалада 2 141 адам вакцина алды (I компонент-653, II компонент-1 488). Егу науқаны басталғалы жалпы 581 009 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 543 020 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Осы жылдың 15 қарашасынан бастап 12-18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге "Pfizer-BioNTech" вакцинасын егу басталды. Вакцинаның 1-ші компоненті 4 973 адамға егілді.
Айта кетейік, коронавируспен күреске қарсы тұрақтандыру қоры арқылы қаржы қаралған. Қаланың медициналық ұйымдарында ковид індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар.