Шымкентте 8 Наурыз күні 73 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Мереке күні өмірге келген сәбилердің 34-і ұл бала болса, 39-ы қыз.
Шымкент қаласында демографиялық өсім жақсарып келеді. Жыл басынан бері қалада 4892 сәби дүние есігін ашқан. Жылдың алғашқы екі айында дүниге келгендердің басым бөлігі ұл балалар.
Айта кетейік, биылғы жылдың алғашқы үшемдері 28 ақпан күні дүниеге есігін ашқан болатын.