Шымкентте 80 мыңнан аса адам вакцина салдырды

Шымкентте 80 мыңнан аса адам вакцина салдырды

Елімізде 800 мыңнан аса адам ерікті түрде ковидқа қарсы вакцина салдырды, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Ковидқа қарсы вакцина 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналар, инфекциялық аурулары бар адамдарға салынбайды. Ал созылмалы респираторлық және жүрек-қан тамырлары аурулары, қан диабеті бар адамдар үшін вакцинация өте маңызды.

Қазіргі таңда бұл індетке шалдыққан адамдардың саны күннен күнге өсіп жатыр. Егер сіз өзіңізден вирустық инфекцияның белгілерін байқасаңыз, (дене қызуы, әлсіздік, ентігу, иіс не дәм сезбеу және т.б) дереу дәрігерге хабарласыңыз, өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз. Дәрігердің көмегіне жүгініп, емдеуді жедел бастап кетсеңіз, тез жазылып шығасыз.

- Вакцинация - әрқайсымыздың ерікті таңдауымыз. Бірақ менің ойымша, вакцинация - азаматтық парызымыз. Бұл сізді ғана емес, жақындарыңызды да қорғайтын қадам. Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда, - деді қалалық №5 емхананың бас дәрігері Жибек Сейдалина.